Мәслихаттың 2020 жылғы 18 тамыздағы № 337 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 117 шешімі
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 85 шешімімен күші жойылды
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 18 тамыздағы № 337 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9399 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай:
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 (бір жүз мың) теңге;