Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
міндетін атқарушының
2024 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 770/НҚ бұйрығына
2-қосымша
«Жүйелік аналитик» кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: «Жүйелік аналитик» кәсіптік стандарты (бұдан әрі - Кәсіптік стандарт) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымының қызметкерлері мен түлектерін сертификаттауға және ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттердің шешімдеріне арналған.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік - қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайындық дәрежесі;
2) жобалау - бұл объектінің бастапқы сипаттамасына және (немесе) оның жұмыс істеу алгоритміне немесе процестің алгоритміне немесе бастапқы сипаттаманы түрлендіру (кейбір жағдайларда бірнеше рет) процесі алгоритмі, объектінің берілген сипаттамаларын және оның жұмыс істеу алгоритмін немесе процесс алгоритмін оңтайландыру, бастапқы сипаттама мен процестің бұрыстығын жою және әртүрлі тілдердегі сипаттамаларды дәйекті түрде ұсыну (қажет болған жағдайда) негізінде әлі жоқ объектіні құру үшін қажетті сипаттаманы құру процесі;
3) кәсіптік стандарт - кәсіптік қызметтің нақты саласында біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;