Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 17/210 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 «2018 - 2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3497 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 қаңтардағы № 3-4 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 94 376 957,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 73 767 514,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 3 407 606,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 500,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 17 199 337,9 мың теңге;
2) шығындар - 93 381 450,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 682 866,4 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 5 384 868,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 7 067 734,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 144 511,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 144 511,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 533 862,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 533 862,8 мың теңге.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Облыс әкімдігінің резерві 2 801 533,9 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
2. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Д. Клинчев |
| Облыстық мәслихат хатшысы | С. Трұмов |
«КЕЛІСІЛДІ»