Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 Қаулысы
(2018.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 11 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;