Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 328 Қаулысы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақ келесі мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) облыста жер қойнауын пайдалануды дамытуға жәрдемдесу;»;
15-тармақ келесі мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 26-5), 26-6), 26-7), 26-8), 26-9), 26-10), 26-11), 26-12), 26-13) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
26-2) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылауды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге, кен іздеушілікке мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
26-3) жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілікке арналған лицензиясында және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
26-4) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуды реттейді, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерінің есебін жүргізеді;