Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім (Нью-Йорк, 2024 жыл 26 қыркүйек)

Информация о документе
Датачетверг, 26 сентября 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 19 марта 2025
Дата последнего изменениячетверг, 26 сентября 2024

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы

келісім

(Нью-Йорк, 2024 жыл 26 қыркүйек)

 

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 64 Қаулысымен бекітілді

2025 жылғы 19 наурызда күшіне енді

 

Бұдан әрі жеке-жеке Тарап және бірге Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі

достық қарым-қатынасты нығайту және екі мемлекет арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында

екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға жәрдемдесу ниетін басшылыққа ала отырып,

жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелері болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Марокко Корольдігі азаматтарының тиісті елдерге тек туристік мүдде үшін кіруін жеңілдетуге ниет білдіре отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

1. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағына жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттар негізінде келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады, бұл ретте әрбір болу кезеңінің ұзақтығы олар келген күннен бастап 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауы шарт.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген паспорттар олардың қолданылу мерзімі аяқталатын күнге дейін кемінде 3 (үш) ай жарамды болуға тиіс.

 

 

2-бап

 

Іскерлік мақсатта, жұмысқа орналасу немесе білім алу мақсатында екінші Тарап мемлекетінің аумағында осы Келісімде көзделген ең көп кезеңнен ұзақ мерзімге кіруге және қалуға ниет білдірген бір Тарап мемлекетінің азаматтары - жарамды ұлттық/ жалпыазаматтық паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің тиісті дипломатиялық өкілдіктерінен немесе консулдық мекемелерінен тиісті виза алуға тиіс.

 

 

3-бап

 

Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық қатынастар арқылы саяхаттаушыларға арналған ашық пункттер арқылы кіріп-шығуға және екінші Тарап мемлекетінің заңнамасын сақтауға тиіс.

 

 

4-бап

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами