«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 380 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2016 жылғы 8 ақпандағы № 167 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 372 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10758 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметі (технологиялық процесс) өндіру бойынша операциялар нәтижесінде өздері алған пайдалы қазбаларды осы субъектілер экономиканың басым секторларындағы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру шеңберінде шикізат және (немесе) отын ретінде ғана тікелей пайдаланған жағдайда жер қойнауын пайдаланумен байланысты деп танылады.