Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Өртті сөндіруді ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 109 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өрттерді сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15430 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өрттерді сөндіруді ұйымдастыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Негізгі тапсырманы орындау үшін бөлімшелердің жеке құрамы мына құралдарды пайдаланады:
өрт сөндіру және авариялық-құтқару автомобильдері, оның ішінде өрт сөндіру мақсаттарына бейімделген автомобильдер;
өрт сөндіру жабдықтары;
құралдар – саймандар (механикаландырылған және механикаландырылмаған);
байланыс және жарықтандыру құралдары;
тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары (бұдан әрі – ТОЖКҚ);
өрт сөндіргіш заттар;
ғимараттар мен құрылыстарды өртке қарсы қорғау жүйелері;
өртке қарсы сумен жабдықтау көздері (табиғи және жасанды су айдындары, ішкі және сыртқы су құбыры);
зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге арналған құралдар мен жабдықтар.»;
4-тармақ:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) дамыған өрт-белгіленген кеңістік (тік, көлденең, конструкциялар жазықтығы) шегінде барлық жанғыш беттердің өртке толық қатысу кезеңі);»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) қарауылдау-өртті қарауылдауға өртті жою (оқшаулау) сатысында анықталмаған жасырын ошақтардан өрттің қайта басталуын болдырмау мақсатында өрт шарпыған алаңды үздіксіз немесе мерзімді қарап – тексеруден тұратын жұмыстар жатады;»;
мынадай мазмұндағы 47-1) және 47-2) тармақшалармен толықтырылсын: