Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 497-VІ «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 86-VII шешімі
Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 497-VІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4838 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиiсiнше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2021 жылға келесідей көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер – 459 768 321 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 131 176 285 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 5 444 860 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 28 047 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 323 119 129 мың теңге;
2) шығындар – 472 511 898 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру – 1 930 301 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер – 12 921 803 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу – 10 991 502 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 9 339 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 21 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 11 661 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -14 683 217 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 14 683 217 мың теңге:
қарыздар түсімі – 13 321 623 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 10 209 018 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 11 570 612 мың теңге.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Атырау қаласы мен аудандар бюджеттеріне жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің жалпы сома нормативі 2021 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
корпоративтік табыс салығы бойынша:
Индер, Қызылқоға, Мақат, Махамбет, Жылыой аудандарына және Атырау қаласына – 30%; Исатай ауданына – 86%; Құрманғазы ауданы мен меншікті облыстық бюджетке – 100%;
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы: