Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 13 тамыздағы
№ 345 бұйрығына 4-қосымша
Осы редакция 2020 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары
кезеңінде жоғары оқу орындарының оқу үдерісін іске асыру жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы бөлім.
1. Осы 2020-2021 оқу жылында жоғары оқу орындарының оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Ұсынымдар) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) басшыларына, ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, білім беру бағдарламаларының басшыларына, профессорлық-оқытушылық құрамға (бұдан әрі - ПОҚ) 2020-2021 оқу жылында ЖЖОКБҰ білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру және академиялық саясатты іске асыру мақсатымен көмекші құрал ретінде әзірленген.
2. COVID-19 белсенділік жағдайында жаңа оқу жылында ЖЖОКБҰ ұйымдастырушы іс-шаралардың келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы қамтамасыз етіледі:
1) ЖЖОКБҰ-ның оқу корпустары мен жатақханаларында санитариялық-эпидемиологиялық режимді (бұдан әрі - СЭР) қамтамасыз ету;
2) барлық қызметкерлер мен білім алушыларды СЭР-мен қамтамасыз ету регламентімен таныстыру;
3) білім беру қызметін карантин жағдайын ескере отырып ұйымдастыру;
4) АКТ қолданумен жұмыс дағдыларын үйрену үшін ПОҚ біліктілігін арттыру;
5) жеке білім беру контентін (онлайн курстарды) әр түрлі білім беру платформаларында барлық деңгейлер бойынша әзірлеу;
6) Сапаны қамтамасыз ету саясаты мән-мәтініндегі оқу сапасының мониторингі;
7) академиялық адалдық қағидаларын сақтау;
8) аралық және қорытынды аттестаттау өткізу процедураларының прокторинг жүйесін қамтамасыз ету;
9) университет қызметін техникалық жарақтау, қашықтан және аралас оқыту форматтарының талаптарына сәйкес құжат айналымы мен қатысымды, оқу үдерісін ұйымдастыру (электронды құжат айналымы, электронды кесте, электронды кітапхана және т.б.)