«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 397 бұйрығына өзгерістермен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 72 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 9 желтоқсанындағы № 397 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10010 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Департаменттің Ақмола облысы шегіндегі негізгі міндеттері:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын табу;
3) арнаулы қызметтердің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау-бүлдіру және өзге де Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, экономикалық және қорғаныс әлеуетін әлсіретумен және (немесе) оның қауіпсіздігіне өзге де залал келтірумен байланысты іс-әрекеттерін анықтау, алдын алу және жолын кесу;