Введите номер документа
Прайс-лист

«Шағымдарды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 2 наурыздағы № 6 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 2 марта 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 25 марта 2023
Дата последнего изменениячетверг, 2 марта 2023

 «Шағымдарды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 2 наурыздағы № 6 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Шағымдарды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31748 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағымдарды қарау қағидаларында:

25, 26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Шағымды қарау кезінде Уәкіл, оның өкілі немесе Жұмыс органы шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған мемлекеттік органға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органына немесе лауазымды адамға қарау процесінде анықталуға жататын кез келген мәселелер бойынша өз түсіндірмелерін беру мүмкіндігін береді.

26. Уәкіл, оның өкілі және Жұмыс органы сұратқан шағымды қарау үшін қажетті материалдар, құжаттар, мәліметтер, егер сұрау салуында басқа мерзім көрсетілмесе, сұрау салу алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберілуге тиіс. Бұл ретте сұрау салуда көрсетілген мерзім екі жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.

Мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, олардың лауазымды адамдары заңнамада белгіленген тәртіппен Уәкілге, оның өкіліне және Жұмыс органына қажетті материалдарды, құжаттарды, мәліметтер мен түсіндірмелерді ұсынады.

27. Уәкіл, немесе оның тапсырмасы бойынша оның өкілі және Жұмыс органы Конституциялық заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес шағым нысанасы болған мән-жайларды анықтауға жәрдем көрсету үшін мемлекеттік органға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органына немесе лауазымды адамға жүгінуге құқылы.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом