«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 885 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті орган кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Үкіметтің қаулысын бекіткеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджеттерге трансферттер мен бюджеттік кредиттерді аударуға байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ететін орталық атқарушы органға айлар бойынша бөлінген оларға көзделген трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын береді.»;
61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: