Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы 19 қарашадағы
№ 265 қаулысына 2-қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 36 Қаулысымен күші жойылды
«Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау нысандарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 072/е нысаны бойынша берілген санаторийлік - курорттық картасы (бұдан әрі - санаторлық - курорттық картасы).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаты
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметтiң алушысына көрсетілетін қызметті берушіге тiкелей өтiнiш жасай отырып, стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың (бұдан әрi - құжаттар) берiлуi болып табылады.