«Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 11/67 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 24 ақпандағы № 29/183 шешімі
Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 11/67 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4691-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген 1 қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
4-1 тармағымен толықтырылсын: