«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 54 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 3 мамырдағы № 96 шешімі
Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 54 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8447-11 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сырдария ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларында:
2-тармақ келесі мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) мерекелік күндер (бұдан әрі - атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;».
5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне 35 жыл толуына орай, Ауғанстан соғысы ардагерлеріне - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2) 9 мамыр - Жеңіс күні: