Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТ...

Информация о документе
Датавоскресенье, 23 марта 2025
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявоскресенье, 23 марта 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025.04.03. № 90 бұйрығымен стандарт жаңа редакцияда (2025 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрінің

2022 жылғы 20 шілдедегі

№ 2 бұйрығына 1-қосымша

 

Осы редакция 2025 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті

стандарты
(2025.23.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖМС) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Ереже).

МЖМС меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі - ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзімі қойылатын талаптарды айқындайды.

2. МЖМС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс саласында және тиісті лауазымда кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;

2) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер - ұлттық қауіпсіздік жүйесінде және құқық қорғау органдарында тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;

3) бакалавриат - тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;

4) білім алушылардың білім срезі - білім алушылардың академиялық оқу кезеңіндегі оқу жетістіктерін бағалау;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом