Қостанай облысы әкімдігінің 2018.16.02. № 72 Қаулысымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 566 қаулысымен
бекітілген
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 10 Қаулысымен күші жойылды
«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi
(2019.10.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
Қостанай облысы әкімдігінің 2018.04.10. № 457 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Қостанай облысы әкімдігінің 2019.10.04. № 147 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: есту аппараттарын таңдау мен теңшеуді, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар ұсыну мерзімдері көрсетілген еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау