Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 204/НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 21 мая 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 7 июня 2020
Дата последнего изменениячетверг, 21 мая 2020

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 204/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму мнистрінің м. а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:

2-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) абонентті сәйкестендіру картасы - абонентті сәйкестендіретін және абоненттің ұялы байланыс операторының қызметтеріне (SIM/R-UIM-, USIM-, eSim - карталар және басқалар) қол жеткізуін қамтамасыз ететін, абоненттік құрылғының бір бөлігі болып табылатын жеке қол жеткізудің сәйкестендіру микропроцессорлық модулі (алмалы-салмалы немесе кіріктірілген);»;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) жария шартқа қосылу - қосылатын абонент ұсынылған жария шарттың талаптарын формулярға қол қою жолымен немесе Оператор белгілеген нысанда Автоматты қызмет көрсету жүйесін пайдалану арқылы растаудың өзге де тәсілімен қабылдайтын, осы қосылу айтылған нысанда ұялы байланыс операторы мен абонент арасында шарт жасасу тәсілі;»;

15-1) тармақша алып тасталсын;

19-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жария шартқа қосылу:

1) формулярға қол қою;

2) автоматты қызмет көрсету жүйесін пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.»;

22-тармақ мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:

«33) абонентке ұялы байланыс операторының және абоненттік құрылғының техникалық мүмкіндігіне сүйене отырып, қашықтан ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына QR кодын (eSim) беру, жеткізу немесе жүктеу жолымен абонентті сәйкестендіру картасын алу мүмкіндігін береді.».

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом