«Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 24 қарашадағы № 186 бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 262) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген, 2010 жылғы 11 тамыздағы № 326-327 (26170) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамада:
9-тармақтың бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіруді күнтізбелік жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша жүргізеді. ЭӘШБЕА БҚ-ға деректерді бұдан әрі ауыстыру және тиісті түзетулерді енгізу мақсатында дәптерлерді пайдаланумен күнтізбелік жылғы желтоқсанның 1-нен 31-не дейін және маусымның 1-нен 30-на дейінгі кезеңде аулаларды толық аралау және халыққа, сондай-ақ ШФҚ басшыларына пікіртерім жүргізу арқылы әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіру жүргізіледі.