ҚР Қаржы министрінің 2017.27.09. № 582 бұйрығымен алып тасталды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
5-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарында құқық қорғау қызметіне бірінші рет жұмысқа
қабылданатын тұлғалардың арнайы бастапқы оқытудан өту
қағидасы
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарындағы құқық қорғау қызметіне бірінші рет тұратын адамдардың арнайы бастапқы оқытудан өту қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің арнайы бастапқы оқытудан өту тәртібін және шартын айқындайды.
2. Мемлекеттік кірістер органдарындағы құқық қорғау қызметіне орта басшы құрамы лауазымына бірінші рет тұратын адамдар (бұдан әрі - тыңдаушылар) қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті арнайы танымдар, дағдылар және мінез-құлық нормаларын меңгеру үшін арнайы бастапқы оқытудан өтеді.
3. Арнайы бастапқы оқыту Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығында (бұдан әрі - ОӘО) өткізіледі.