«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 462 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 3 шілдедегі № 506 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 398-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: