Әкімдіктің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 566 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 52 Қаулысы
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 10 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 579 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14368 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 566 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6185 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: