Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 580 бұйрығына
6-қосымша
Жылу электр станцияларындағы жылу автоматикасы және өлшеу құралдарын күрделі жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі
(2025.16.03. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Энергетика министрінің 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Жылу электр станцияларындағы жылу автоматикасы және өлшеу құралдарын күрделі жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленді және блок басқару қалқандарында немесе жылу электр станцияларының оқшауланған қалқан үй-жайларында пайдаланылатын жылу автоматикасы мен өлшеу құралдарын күрделі жөндеуге қосалқы бөлшектер шығысының нормаларын есептеуге арналған.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ағымдағы жөндеу - бұйымның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөліктерді ауыстыруды және қалпына келтіруді білдіретін жөндеу;
2) күрделі жөндеу - базалықтарын қоса алғанда, оның кез келген бөліктерін ауыстыра немесе қалпына келтіре отырып, бұйымның жарамдылығын қалпына келтіру және оның ресурсын толық қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу;
3) қосалқы бөлшек - бұйымның жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін ұстау және қалпына келтіру мақсатында пайдалануда болған дәл осындай бөлікті ауыстыруға арналған бұйымның құрамдас бөлігі.