Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 57-ө өкімі (2020.15.06. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 11 апреля 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 11 апреля 2019
Дата последнего измененияпонедельник, 15 июня 2020

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 57-ө өкімі

(2020.15.06. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1. ҚР Премьер-Министрінің 2020.15.06. № 83-ө өкімімен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде:

көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары»;

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі» деген жол алып тасталсын;

«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі»;

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрі» деген жол алып тасталсын;

көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ережеде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. ЭСК отырыстары қажеттілігіне қарай өткiзiледi.».

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қырқүйектегі № 90-ө өкімінде:

көрсетілген өкімге 1-қосымшада:

көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамында:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі»;

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом