«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1230 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 837 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 454 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 248 бірлескен бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1230 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 837 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12793 болып тіркелген, «Әділет» ақпарақттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бірлескен бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: