Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы
ШАРТ
(Ташкент, 2022 жыл 22 желтоқсан)
ҚР 2024 жылғы 20 мамырдағы № 83-VIII Заңымен ратификацияланды
2024 жылғы 30 мамырда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы
1998 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың және 2013 жылғы 14 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шарттың Қазақстан - Өзбекстан қатынастарындағы маңызды мәнін мойындай отырып,
достықты дамыту мен көпқырлы ынтымақтастықты тереңдетудегі жаңа кезенді білдіретін 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы декларацияны жоғары бағалай отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Хельсинки Қорытынды актісінің және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның басқа да негізгі құжаттарының мақсаттары мен қағидаттарына, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормалары мен қағидаттарына бейілді екенін растай отырып,
Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңнамасының ережелерін негізге ала отырып,
екі ел халықтарының мызғымас достық, тату көршілік және өзара сыйластық қағидаттарына негізделген ғасырлар бойғы тарихи, рухани және мәдени ортақтығына сүйене отырып,
екі мемлекеттің тәуелсіз дамуының 30 жылы ішінде кең форматты екіжақты ынтымақтастықты үдемелі нығайтуда қол жеткізілген табыстардың аса маңызды мәнін атап өте отырып,
саяси, экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі кешенді дамытуды жақтай отырып,