«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 24 мамырдағы № 224 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елдер бөлінісінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыс нормаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өзге де шығыс нормалары:
визаны рәсімдеу, ұзарту (консулдық жинақ), виза (консулдық жинақты) рәсімдеу үшін Елшіліктің талабы бойынша міндетті көрсетілетін қызметтерді;
шетелдік жоғары оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және беруді;
қабылдаушы елдің уәкілетті органдарында және шетелдік жоғары оқу орындарында стипендиаттардың тіркелуін;
шет тілін білу деңгейін анықтауға аралық және қорытынды бақылау тестілеуді қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша өтуі қажет болған жағдайда тілдік курстарды;
академиялық оқуға түсу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының талаптары бойынша дайындықтың академиялық және техникалық деңгейін анықтау бойынша пәндік емтихандарды бір реттен көп емес тапсыруды;