Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016.19.02. № 66 Қаулысымен мемлекеттік қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 136 қаулысымен
бекітілген
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 81 Қаулысымен күші жойылды
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
(2016.10.10. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, Ақтөбе қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал);
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016.10.10. № 431 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)