«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 731 бұйрығы
ҚР Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 124 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 қаңтарындағы № 58 бұйрығына (2019 жылғы 31 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы;»;
1-тармақта:
5) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан Республикасының порттарының теңiз әкiмшілiгi» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде: