Алматы қаласында қызылшаның таралуына жол бермеуге бағытталған эпидемияға қарсы шараларды күшейту туралы
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1 Қаулысы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы, 102-бабы 1-тармағы негізінде қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне, халық арасында ауру ошақтарының өршуіне жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысына, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшыларына:
1.1. Алматы қаласында қызылшамен сырқаттанушылықты тұрақтандыру жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспарын орындауды;
1.2. қызылша ауруы (күдік) жағдайларын уақытылы анықтау, тіркеу, есепке алу және шұғыл хабарламаларды жіберу, медициналық ұйымдардың науқастарды қабылдауға, оларды оқшаулауға және оларға жедел мамандандырылған көмек көрсетуге дайындығын;
1.3. аурудың әрбір жағдайы тіркелген кезде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне кезектен тыс мәліметтерді (алдын ала, түпкілікті) ұсына отырып, инфекцияның берілу көзі мен факторын анықтау мақсатында эпидемиологиялық тексеру жүргізуді;
1.4. ауру қоздырғышының көзін, инфекцияның берілу жолдары мен факторларын, науқастың және байланыста болған адамдардың егу мәртебесін анықтау үшін қызылшаға күдікпен ауыратын науқастарға сапалы сауалнама жүргізуді;
1.5. денесінде бөртпелері (күдік) бар науқастарға дифференциалды диагностика жүргізу, оларды оқшаулауды және емдеуді;
1.6. қызылша бойынша байланыста болған адамдарды анықтау және тексеру кезінде ошақтың шекарасын кеңейтуді;