«Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 571 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10166 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесінде:
1-тараудың 3-тармағы 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 2) | | Былғары өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың сарқынды сулары | Орташаландыру, тұндыру, реагенттік өңдеу және ақшылттандыру | Бірінші кезеңге қосымша: аэротенкаларда биологиялық тазарту | Екінші кезеңге қосымша: жоғары сулы өсімдіктер бар тоғандарда соңына дейін тазарту |
7-тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 3 | Бөгетшені жобалау | Қауіптілігі төмен бөгетшенің авариялық төгіндісінің биіктігін есептеу үшін 100 жылдық кезеңде бір рет су басуды пайдалану. Қауіптілігі жоғары бөгетшенің авариялық төгіндісінің биіктігін есептеу үшін 5000-10000 жылдық кезеңде бір рет су басуды пайдалану. Өте жоғары бу қысымының қауіп-қатерін бағалау және бөгетше бөлшектерін салған кезде және құрылыстың барлық кезеңінде бу қысымына бақылау | |
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: