Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7 Нормативтік қаулысы
(2018.29.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялау туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы» 1968 жылғы 25 қыркүйектегі № 9 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 14, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) кіріспедегі он төртінші абзац алып тасталсын;
2) 4-тармақ алып тасталсын;
2. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы соттардың қарау практикасы туралы» 1996 жылғы 25 шілдедегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 9, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 5-тармақтағы «541-бабының 10) тармақшасы» деген сөздер «616-бабының 11) тармақшасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3. «Азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды жекешелендіру жөніндегі заңнаманы қолдану сот практикасы туралы» 1997 жылғы 18 шілдедегі № 9 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 8, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2015 жылғы 10 сәуірдегі №2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):