«Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 505 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Аталған бұйрықпен бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларында:
2-тармақта:
16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«16) осы Қағидалардың талаптарын сақтауға жауаптылар - су айдындарының, су объектілеріндегі жаппай демалыс, туризм және спорт орындарының иелері (жалға алушылар, өтеусіз пайдаланушылар), нұсқаушылар және (немесе) жаттықтырушылар, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ су айдындарын пайдаланатын және (немесе) оларда демалып жатқан жеке және заңды тұлғалар;
17) сақтандыру ұшы - құтқару дөңгелегімен немесе құтқару кеудешесімен бірлесіп пайдаланылатын, белбеуге немесе иыққа тағылатын нұсқаушының өзін сақтандыруға арналған ілмегі бар катушкадағы ұзындығы кемінде 200 метр қалқымалы балға;»;
19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;»;
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«25-1) шомылу - жуыну, денсаулықты нығайту немесе демалу мақсатында суға түсу, жүзу және су айдындарында болу;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: