Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 қыркүйектегі
№ А-9/435 қаулысымен
бекітілді
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № А-2/54 Қаулысымен күші жойылды
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.06.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
Ақмола облысы әкімдігінің 2019.06.05. № А-5/208 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ақмола облысы әкімдігінің 2019.06.05. № А-5/208 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Ақмола облысы әкімдігінің 2017.13.01. № А-1/8 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.06.05. № А-5/208 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы шешімі (бұдан әрі - рұқсат) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйырығымен бекітілген «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 10 - тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.