«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 56 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 77 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-тармағының екінші бөлігінің 39) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: