«Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 153 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 28 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33545 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер - арнаулы әлеуметтік көрсетілетін кызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыспен қамтылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар;».