Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығы
(2019.22.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2017.21.06. № 766 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекет көрсетілетін қызметтер стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;