Введите номер документа
Прайс-лист

«Соттардың салық заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 Нормативтік қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 22 декабря 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 16 января 2023
Дата последнего изменениячетверг, 22 декабря 2022

Соттардың салық заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 Нормативтік қаулысы

 

Соттардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнаманы қолдану практикасын зерделеп және оны біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді:

1. Салық заңнамасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 2-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі – Конституция) негізделеді, Салық кодексінен, сонымен қатар қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Соттар Қазақстан Республикасы салық заңнамасының нормаларын қолдану кезінде Конституцияның 12-бабының 2-тармағына сәйкес Салық кодексін және онда көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоса алғанда, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын айқындайтын Конституцияның 1-бабының 1-тармағында белгіленген құндылықтарды негізге алуы қажет.

Мұндай нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары, салық органдары жүйесіндегі уәкілетті орган басшысының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басшысының нормативтік құқықтық бұйрықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілетті органдарының жекелеген салық мөлшерлемелерін және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу туралы нормативтік құқықтық шешімдері жатады.

Салық кодексінің 10-бабына сәйкес салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом