Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 242 «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 133 Қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 44 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 242 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2827 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қыркүйекте «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4 тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:
«Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініштерді қабылдаудан бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: