«Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 8 қазандағы № 359 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9577 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымдық кітапты жүргізу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымдық кітап (бұдан әрі - АТК) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. АТК осы Қағидаларға 1-қосымшаға асыл тұқымдық кітап жүргізілетін жануарлардың тұқымдарының тізіміне енгізілген жануарлар тұқымдары бойынша жүргізіледі.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. АТК бойынша малдың нөмірі үш белгіден тұрады (жылқылар туралы деректерден басқасы):
1) бірінші белгі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес асыл тұқымдық кітапқа асыл тұқымды жануарлар туралы деректерді енгізу кезінде облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға берілген марканы білдіретін бір әріптен тұрады;
2) екінші белгі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұқымдарға берілген марканы білдіретін бір, екі, үш немесе төрт әріптен тұрады;
3) үшінші белгі АТК бойынша берілген жануардың реттік нөмірін білдіретін бірден беске дейінгі цифрдан тұрады.