«Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 170 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 438 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 170 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32568 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Разрездерде, карьерлерде, приискілерде, гидравликаларда, драгаларда, жуу аспаптарында, шахталардың, кенiштер мен дренаж шахталарының жер үстіндегі жұмыстары және ашық тау-кен жұмыстары. Шахталар, кенiштер, разрездер, карьерлер, приискілер, драгалар, метрополитендер, тоннельдер, жерасты каналдары құрылыстары мен басқа да жерасты құрылыстарының өндiрiстiк алаңдарындағы жұмыстар. Жердi қайта өңдеу, техникалық ұңғымаларды бұрғылау, жерасты өрттерiнің, террикондар мен жынысты үйiндiлердегi өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру жөніндегі тау-кен жұмыстары. Бұрғылау-жару жұмыстары:
Жұмыс уақытының кемінде 80 %-ында жұмыс iстейтiн жұмыскерлер:
Жұмысшылар: