Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2022 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 71, 1025-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына:
| Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға |
енгізілсін;
«Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Мәдениет және ақпарат министрі кіреді» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Мәдениет министрі кіреді»;
көрсетілген комиссияның құрамынан К.Қ.Мәсімов шығарылсын.