«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 36/6-V шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 30/8-VI шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3176 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 13 ақпанда № 6 «Өскемен» және № 6 «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында 9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) 9 мамыр - Жеңіс Күні:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына - 160 000 теңге;