«Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 862 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18603 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 мамырда Нормативтік құққтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралар электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазып берілетін тауарлардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы 336, 337, 338, 339, 340, 341, 342, 343, 344, 345, 346, 347, 348, 349, 350, 351, 352, 353, 354, 355, 356, 357, 358, 359, 360, 361, 362, 363, 364, 365, 36, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382, 383, 384, 385 және 386-тармақтармен толықтырылсын:
«
| 336 | - басқалар | 2616900000 | 2020 жылғы 1 қазан |
| 337 | - алтын қосылыстары | 2843300000 | 2020 жылғы 1 қазан |
| 338 | - - ұнтақ | 7108110000 | 2020 жылғы 1 қазан |
| 339 | - - - қорытпаның 1000 бөлігіне құрамында кемінде 995 дана алтын бар, монетарлық емес, өзгеде өңделмеген нысандардағы алтын | 7108120001 | 2020 жылғы 1 қазан |
| 340 | - - - өзгелері | 7108120009 | 2020 жылғы 1 қазан |
| 341 | - - - өзгеде жартылай өңделген нысандардағы алтын: шыбықтар, сымдар мен профильдер; пластиналар; кез келген негізді есептемегенде қалыңдығы 0,15 мм-ден астам табақтар мен жолақтар немесе таспалар | 7108131000 | 2020 жылғы 1 қазан |
| 342 | - - - өзгеде жартылай өңделген нысандардағы алтын, монетарлық емес | 7108138000 | 2020 жылғы 1 қазан |