«Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 27 наурыздағы № 138 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларында:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1,5 млн. (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: