Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 4/31 «Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2/17 шешімі
Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 14/122 шешімімен күші жойылды
Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 4/31 «Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6331 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесінде:
1-тарау 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығындағы Балқаш қаласында және әкімшілік - аумақтық іргелес кенттерде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;