«Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 470 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде:
1) тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бюджеттік параметрлері болжамдарының нұсқаларын қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері болжамдарының нұсқалары;
2) мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары;
3) ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген (нақтыланған) көлемі;
4) алдыңғы және ағымдағы қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру қорытындылары;
5) бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау қорытындысы;
6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Жоғары аудиторлық палатаның (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;
7) қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде лизинг шарттары бойынша және Кодекстің 30, 31, 32-баптарының 1-тармағының 13) тармақшасында және 33-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген бағыттар бойынша қабылданған міндеттемелер.
8) шығыстарды шолу нәтижелері;
9) мемлекеттік мекемелердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуінен түсетін түсімдер және ақылы көрсетілетін қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан шығыстар;
10) арнаулы түсімдер ескеріледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: