Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2015.09.04 № 187 ...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2015 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 9 сәуірдегі

№ 187 бұйрығына

№ 3 қосымша

 

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

көрсетілетін қызметті берушіге - күнтізбелік 15 (он бес) күн;

ХҚО-ға:

Астана қаласы бойынша - күнтізбелік 15 (он бес) күн (құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

өзге өңірлерде - 15 (он бес) жұмыс күн (құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіде және ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами