Введите номер документа
Прайс-лист

«Әуе кемелерін есептен шығару қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 486 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 5 июля 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 1 августа 2019
Дата последнего измененияпятница, 5 июля 2019

«Әуе кемелерін есептен шығару қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 486 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әуе кемелерін есептен шығару қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6868 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 196 (26617) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Әуе кемелерін есептен шығару қағидаларында:

1- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1- тарау. Жалпы ережелер»;

1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әуе кемелерін есептен шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген.»;

2 - тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2- тарау. Әуе кемелерін есептен шығару тәртібі»;

12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Әуе кемелерін есептен шығарған кезде Есептен шығару актісі және Техникалық жай-күйді бағалау ведомосі 2 данада жасалады. Бір данасы әуе кемесінің пайдаланушысында (иесінде) қалады, екінші данасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) жіберіледі және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен әуе кемесін шығаратын бірден-бір құжат болып табылады.

13. Комиссия қол қойған және әуе кемесінің пайдаланушысы (иесі) бекіткен Әуе кемесін есептен шығару актісі мен Техникалық жай-күйді бағалау ведомосі Әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының түпнұсқаларымен бірге уәкілетті ұйымға есептен шығару актісіне қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жіберіледі.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом